Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылды
Алматы әуежайы 415 миллион долларға сатылды
©Tengrinews.kz
103
оқылды
Түркиялық TAV Airports Holding холдингі Алматы әуежайы акциясының жүз пайызын 415 миллион долларға сатып алды, - деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі. Консорциумда TAV Airports үлесі 75 пайыздан кем емес, ал акция барлық заң процедуралары аяқталғаннан кейін беріледі.
Алматы әуежайы TAV Airports Holding портфолесінде 15-інші болып тұр.
"Қазақстан - аймақта географиялық және экономикалық жағынан ірі ел. Ал Алматы - елдің ірі қаласы, ЖІӨ 20 пайызы Алматыдан түседі. Сонымен қатар, бұл - Қытай, Еуропа және Африканы қосатын "заманауи Жібек жолының" орталығы. Потенциалы жоғары және біз өз білімімізге сүйене отырып, оны толық іске асыру үшін жұмыс істейміз", - деді холдинг президенті және бас директоры Сани Шенер.