Бірлік пен тұрақтылықтың тұрағы
Бірлік пен тұрақтылықтың тұрағы
308
оқылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары, ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне ассамблеяның қазіргі қызметі және ХХVII сессияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қолға алы­нып жатқан шаралар туралы мә­лімделді. Нұрсұлтан Назарбаев ассам­блеяның тұрақтылықты сақтау және қоғамның бірлігін нығайту үшін атқа­рылып жатқан жұмыстардың маңызын атап өтті.

– Қазақстан халқы ассамблеясы – қоғамды біріктіретін құрылым. Әр өңірде кіші ассамблеялар жұмыс істеп жатыр, достық үйлері ашылды. Қазір еліміз үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Ол болмаса, барлық жетістігімізден айы­рыламыз. Сондықтан Қазақстан хал­қы ассамблея­сының басты міндеті – ха­лықтың бірлігін нығайту үшін қо­ғам­ды жұмылдыру, – деді Елбасы.

Жансейіт Қансейітұлы этномәдени бірлестіктердің Тұңғыш Президентке бей­бітшілік пен келісімді сақтап, ел эко­но­­микасын дамыту ісіндегі жетіс­тік­тері үшін зор ризашылық білдіретінін атап өтті.