Мақтаарал тұрғындарына 400 тонна гуманитарлық көмек жіберілді
Мақтаарал тұрғындарына 400 тонна гуманитарлық көмек жіберілді
215
оқылды
Nur Otan партиясы Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 400 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Бұл көмек Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша көрсетілді. Нұр-Сұлтан қаласы 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді. Бірінші қажеттілік заттары мен азық-түліктері бар бұл көмек Мақтаарал ауданында апатқа байланысты құрылған штабтың орталық қоймасына жеткізілді. Алдағы күндері Nur Otan партиясының басқа филиалдарынан да гуманитарлық көмек жеткізіледі. Алматы қаласы 70 тонна азық-түлік пен бірінші кезектегі қажетті заттарды (киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, ұн, макарон өнімдері, дәнді азықтар, балалар тағамы, памперстер, санитарлық, гигиеналық құралдар және т.б.) жөнелтті. Ақтөбе облысы 50 тонна азық-түлік пен қажетті заттарды жіберді. Павлодар облысы 40 тонна гуманитарлық көмек жіберді (оның ішінде 20 тонна көкөніс және 20 тонна бірінші қажеттіліктегі азық-түлік). Қызылорда облысынан 15 тонна гуманитарлық көмек келіп түсті. Маңғыстау облысы 7,5 тонна азық-түлік жіберді, жақын арада екінші қайтара көмек керуенін жөнелтуді жоспарлап отыр. Атырау облысы 150 тонна азық-түлік пен күнделікті қолданатын қажеттілік заттарын жіберді. Сонымен қатар Түркістан облысындағы Nur Otan партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жалпы сомасы 32 млн теңгеге 30 тонна азық-түлікті жөнелтті. Азық-түліктен басқа киімдер және жеке гигиена заттары бар. Nur Otan партиясы Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастырады. Жақын арада партияның қалған филиалдары өздерінің гуманитарлық көмегін жөнелтеді. Бүгінде арнайы қоймада 270 тоннадан астам азық-түлік қоры жиналған.  Оның  90 тоннасы таратылды. Ет, ұн, күріш, май және киім-кешек пен күнделікті қолданысқа қажетті заттар Мақтаарал ауданындағы эвакуациялық орталықтарға  жайғастырылған тұрғындарға күнделікті таратылуда. Мұнда сын сағатында қол ұшын созған еліміздің барлық өңірлерінен гуманитарлық көмек жеткізілуде. Бақылау Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы басшылығына жүктелген.  «Бүгінде қоймада 270 тоннадан астам азық-түлік сақталуда. Штаб қоймасы тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, тағы екі қойма әзірленеді. Тұрғындарға керекті заттардың бәрі шұғыл түрде жеткізіліп берілуде. Қабылдап алу мен таратып беру ісі жүйеленіп, тек сұранысқа сәйкес үлестірілуде», – деді  Nur Otan партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев.    width= width= width=