Аймақтардың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Оңтүстік батыста, батыста күшті жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, күн күркірейді, бұршақ жаууы ықтимал.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, солтүстікте, солтүстік-батыста және орталық өңірде тұман түседі.
Ал Қостанай облысында кей жерлерде күн күркірейді, түнде және таңертең – тұман, күндіз кей жерлерде желдің күші 18 м/с жетеді.
Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, найзағай жарқылдайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде күн күркіреуі мүмкін. Атырау, Ақтөбе облыстарында күндіз кей жерлерде жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. Ақмола, Қарағанды облыстарында кей жерлерде күн күркіреуі күтіледі, Қарағанды облысында кей жерлерде түман түседі. Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында күн күркірейді, желдің екпіні –15-20 м/с, бұршақ жаууы ықтимал.