Штаб мүшелері – Шығыста
Штаб мүшелері –  Шығыста
370
оқылды

Аймақтағы басты мәселенің бірі – экология. Бұл – Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін өте өзекті проблема. Өскеменде атмосфераға шы­ғарылатын зиянды қалдықтар әлі күнге өткір проблема болып отыр. Оның үстіне, Семей ядролық полигонында жүргізілген сынақтардан ең көп зардап шеккен де – осы аймақ.

Штаб басшысы Мәулен Әшімбаев бастаған республикалық қоғамдық штаб өкілдері еліміздің ірі өнеркәсіп пен түсті металлургия мекенінде жергілікті халық­тың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Олар шығысқазақстандықтарға Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Штаб жетекшісі Мәулен Әшімбаев­тың айтуынша, Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында экологияны жақсарту мәселелеріне ерекше көңіл бөлініп отыр. Себебі, Қазақстан халқының денсаулығы әрқашан да бірінші орында.

– Осыған қатысты жұмыстар бір­неше бағыт бойынша жүргізіледі. Атап айтқан­да, қоршаған ортаның қауіп­сіздігін қамта­масыз ету үшін экология­лық заңна­ма­ларды жетілдіріп, халық­а­ралық стандарттарға сәйкестендіру көзделген. Сонымен қатар осындай проблемасы бар әр өңірде экологиялық ахуалды жақсарту бойынша жұртшы­лықпен бірлесіп, кешенді жоспар әзір­ленеді. Қасым-Жомарт Тоқаев бағдар­ламасында қоршаған ортаға зиянды қал­­дықтар шығаратын барлық ірі кәсіп­орын­дар қалдықтарды азайтуды және тазартудың жаңа технологияларын енгізуі үшін нақты жоспар әзірлеуді міндеттейміз деп көрсетіп отыр, – деді Мәулен Әшімбаев.


Айдана БЕГІМ