Сайлауға қатысуға шақырды
Сайлауға қатысуға шақырды
464
оқылды

Кездесуде «Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша кәсіп­одақтар орталығы» аумақтық кәсіп­одақтар бір­лестігі төрағасының орынбасары, штаб төрағасының орынбасары, үміткердің сенімді өкілі Әуесханов Серік Елемесұлы Аманкелді Таспиховтың өмірбаянымен, сайлауалды тұғырнамасымен танысып, азаматтарды сайлауға белсене қатысуға шақырды. Кандидаттың сенімді өкілі үміткердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жа­лақысы төмен жұмысшылардың жала­қысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Үгіт-насихат тобы жиналған азаматтарға сайлаудың маңызын түсіндіріп, саяси додада белсенді болуға шақырды.

А.Таспиховтың Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша қо­ғамдық аймақтық штабының мүшелері «Мемлекеттік, банк және қоғамдық қыз­мет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Түркістан облыстық фи­­лиа­лы және Шымкент қалалық филиа­лының төрайымы Күлдар Есебаева Түркістан облыстық Мем­лекеттік мұраға­тының кызметкерлерімен кездесіп насиxат жұмысын жүргізді. Кездесу барысында кәсіподақ қызметі турасында да келелі әңгіме болды. Қауіпсіз еңбек жағдайы, жауапсыз жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру бойынша үміт­кер ұсыныстарын ортаға салды. Тұғыр­намаға сүйене келе үміткердің сенімді өкілі еңбек адам­дарына лайықты еңбек­ақы төленумен бірге олар үшін қауіпсіз еңбек жағдай­ларын да жасау өте маңызды шарт болып табылатынын айтты.


Айдана БЕГІМ