«Аңдамай айыппұл төлеп жүрмеңіз» – Ақылы тұрақтар қашан іске қосылатыны белгілі болды
«Аңдамай айыппұл төлеп жүрмеңіз» – Ақылы тұрақтар қашан іске қосылатыны белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
248
оқылды
Алматыда 18 мамырдан бастап ақылы тұрақтардың жұмысы қайта жанданады. «18 мамырдан бастап тротуарлық типтегі тұрақтар қайта іске қосылады. Базарлар мен мекемелердің жанындағы алаңдық тұрақтар қашан ашылатыны жақын арада белгілі болады. Карантинге байланысты бұған дейін сатып алған барлық абонементтер мен резиденттік келісімдер автоматты түрде созылатын болады», – деп жазды AParking компаниясы Facebook парақшасында. Алайда әкімдік жұмыстың қайта жанданғанына қарамастан, әкімнің өкіміне сәйкес карантиндік шектеулерді алған жоқ. «Барлық паркоматтар санитарлық өңделетін болады. Тұрақ ақысын қолғап киіп алып төлеуге, қашықтықты сақтауға кеңес береміз. Ең абзалы онлайн төлем жасаған дұрыс. iOS пен Androidте «Парковки Алматы» мобильді қосымшасын пайдалануға кеңес береміз», – деп жазды компания өкілі ресми парақшада. Төтенше жағдай кезінде қала тұрақтары ақысыз болған еді.