Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алу және форумдар өткізу шығындарына мораторий жариялады, – деп жазады «ҚазАқпарат».
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында: «Дәл қазіргі кезде өзекті емес, кейінге қалдыра тұруға болатын шығыстарды айқындау қажет. Алғашқы шара ретінде қымбат көлік пен жиһаз сатып алу, түрлі форумдар өткізу шығындарына ұзақмерзімді мораторий жариялауды ұсынамын. Еліміздегі шаралар нақты тәжірибелік және идеологиялық пайда әкелетіндей болы тиіс», – деді.