Қостанай облысында 5 жасар бала терезеден құлап кетті, – деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға бүгін сағат 17.00 шамасында Жітіқара қаласында болған. Бала үйдің бесінші қабатындағы балконнан құлап кеткен.
«Оқиға орнына жеткен фельдшердің айтуынша, сәби қараусыз қалған. Терезедегі маскит торын басып қалып, төменге құлап кеткен. Қаңқа сүйектері сынбаған. Сағат 17.09 кезінде стационарға жатқызылды. Қазір ол дәрігерлердің қарауында», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.
Мәлім болғандай, бала гүлзардың үстіне құлап, аман қалған. Қазір тексеру шаралары жүріп жатыр.