Бұдан былай букмекерлік кеңселерде тек қана спорттық жарыстарға бәс тігуге рұқсат беріледі
Бұдан былай букмекерлік кеңселерде тек қана спорттық жарыстарға бәс тігуге рұқсат беріледі
Фото: Интернеттен алынды
296
оқылды
Букмекерлік кеңселерге тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндеті белгіленеді. Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында тиісті заң жобасын талқылау кезінде Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова бәс тігуге байланысты баяндамасында бірқатар мәселені айтты.   «Бәс тігуге қатысушылардың деректер қоры жалпыға бірдей декларациялауды енгізуге, бәс тігуге қатысатын клиентті шектеу және клиенттің өзін-өзі шектеу рәсімін енгізуге ықпал ететін болады, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі шараларды күшейтеді», – деді Райымқұлова. Сонымен қатар ол тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндетін белгілеу ұсынылғанын айтты. «Оқиғаның нәтижесіндегі ашықтықты және ойыншылардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында букмекерлік кеңселерге тек спорттық оқиғаларға ставкалар қабылдау міндетін белгілеу ұсынылады» деді министр. Нақтысы, жекелеген букмекерлік кеңселер виртуалды футбол, хоккей, баскетбол, теннис, автожарыс және компьютер көмегімен онлайн өтетін басқа да виртуалды оқиғаларға ставкаларды қабылдайды. Еске сала кетейік, Парламент Мәжілісінде ойын бизнесіне қатысты заң жобасы жұмыс тобының 12 отырысында талқыланды. Депутаттар 150-ден астам түзетулер енгізіп, оның мазмұнын түзеді, кем-кетігін толықтырды.