Көлік, үй, жерге қатысты деректер базасындағы қателікті жою жеңілдейді
Көлік, үй, жерге қатысты деректер базасындағы қателікті жою жеңілдейді
Фото: Интернеттен алынды
233
оқылды
Қазақстандықтар көлік, жер және жылжымайтын мүлікке байланысты актілерді толтыруда жіберілген қателікті жою үшін онлайн өтініш жолдай алады. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің айтуынша, ол үшін тұрғындар үйден шықпай-ақ өтініш бере алады. «Өткен жылы әділет министрлігімен бірге акт жазбаларына түзету енгізу сервисін жүзеге асырдық. Тұрғындар деректердегі қателіктерді көрсе, онлайн өтініш жасап, түзете алады. Осының арқасында базада 36 575 түзету жасалды. Ол үшін үйден шығудың қажеті жоқ», – деді министр. Енді мұндай сервис eGov пен өзге мемлекеттік органдардың базасында іске қосылады. «Көлік, жылжымайтын мүлік, жер иесі туралы мәліметте қателік кетсе, онлайн өтініш беріп түзетуге болады. Премьер-министр бұл идеяны қолдады. Жақында сервис eGov базасында қолжетімді болады деп ойлаймын», – деді Жұмағалиев.