Ауыл тұрғындарының негізгі мәселесінің бірі – жайылымның жетіспеуі. Жер көлемі жағынан 9-орында тұрған ел үшін жайылым жердің табылмауы ақылға қонымсыз. «Ауыл» партиясының үміткері Төлеутай Рақымбековтің Ақмола облысы ауылдарының тұрғындарымен кездесуінде осы мәселе кеңінен сөз болды.
Ал Төлеутай Рақымбековтің жастарды ауылға тартатын ынталандыру тетіктері туралы ұсынысы Қостанайда талқыланды.
«Ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын еліміздегі ең ірі 3 университеттің өзі жыл сайын 8 мыңға жуық студенттің қолына диплом береді. Оның сыртында салалық институттар мен колледждер қаншама. Егер осы мамандарың бәрі ауылдарда еңбек етсе, біз әлдеқашан аграрлық державаға айналар едік», – дейді Төлеутай Рақымбеков. Бірақ өкінішке қарай олар қалада қалып, басқа салаларда еңбек етуге мәжбүр.
Бұған қоса, ауыл деген – рухани құндылықтың қайнар көзі. Төлеутай Рақымбеков үнемі ұлттық дәстүрді дәріптеп, отбасылық негізді нық қалыптастыруға шақырады. Үміткер бағдарламасындағы осы және өзге де тетіктер Қостанайдағы жиында қызу талқыланды.
Айдана БЕГІМ