Қазақстан президентіне үміткер Әміржан Қосанов Батыс Қазақстан облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен кездесті. Іс-шарада кандидаттың сайлауалды платформасы нақтырақ талқыланып, түрлі өзекті қоғамдық мәселелерге қатысты өз ұстанымын жеткізді.
Штаб мүшелері өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өңірлік жұмыс жөнінде баяндады.
Үміткер Әміржан Қосановтың республикалық сайлауалды штабының мүшелері елорда іргесіндегі Қоянды ауылына келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Басқосуды республикалық штаб жетекшісі Дәурен Бабамұратов жүргізді. Штаб өкілдері халықпен кездесуде үміткердің сайлауалды тұғырнамасындағы негізгі бағыттарын айқындап, кандидат тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Ал Өскемен қаласында кандидаттың облыстық сайлауалды штабы саясаттанушы Дос Көшім мен сайлаушылардың кездесуін ұйымдастырды. Белгілі саясаттанушы бүкіл республика бойынша сайлаудағы байқаушылар үшін семинарлар өткізуді жалғастырып жатыр. Бұл жолы тренинг өскемендік тыңдаушыларына арналды.
Кандидаттың республикалық штабына түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесі, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және түркітілдес мемлекеттердің парламенттік ассамблеясы делегациялары келді.
Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауын бақылау миссиясы аясында ұйым өкілдері штаб жұмысымен танысты. Кездесуде кандидат Ә.Қосанов өзінің сайлауалды платформасындағы негізгі бағыттар, өңірлердегі жұмыс пен өз жоспары туралы айтып берді.
Айдана БЕГІМ