Төтенше жағдай кезінде блокпосттан адамдарды заңсыз өткізіп жүрген Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері ұсталды.
Алматы қаласы Жетісу аудандық соты 13-14 мамырда Жетісу аудандық әкімшілігінің жетекші мамандары С.Оразаов пен К.Аденовке қатысты шешім шығарды.
https://www.youtube.com/watch?v=4ykrLIpxzeM
Екеуі де кінәсін мойындады. Заң талабына сәйкес, 4 077 500 теңге – 13 300 000 теңге айыппұл төлейтін болды.
Соттың шешімімен енді екеуіне де мемлекеттік қызмет атқаруға қатаң тыйым салынды.
Сондай-ақ пара алуға делдалдық жасаған күдікті В.И. Ужурдың заңсыз әрекеті әшкере болды. Оған заңға сәйкес, 2 430 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Тұрғындарға Алматы қаласына кіріп-шығуға қатысты карантин талаптарын сақтамағандар қатаң жазаланатыны бұған дейін де бірнеше мәрте ескертілген.