Сайлауға алғаш қатысқандарға сыйлық берілуде
Сайлауға алғаш қатысқандарға сыйлық берілуде
400
оқылды

№ 110 сайлау учаскесінде сайлауға алғаш рет қатысатын 18 жастағы бозбалалар мен бойжеткендерге сыйлық берілуде. Бұл туралы ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасады.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде жастар сайлауға қатысуда. Дауыс бергеннен кейін оларға сыйлықтар берілді.

«Тұңғыш рет дауыс берушілер, сондай-ақ 9 маусымда туған күнін тойлайтын жұртқа бұл сәттің маңызын атап өту үшін естелік сыйлықтар әзірледік. Олардың арасында футболка, кепка, кітап секілді заттар бар. Сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беретін 50-ден астам жас тіркелген», - деді № 110 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дархан Матаев.