«Қазақстан темір жолы» компаниясының ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде жастар сайлауға қатысуда. Дауыс бергеннен кейін оларға сыйлықтар берілді.
«Тұңғыш рет дауыс берушілер, сондай-ақ 9 маусымда туған күнін тойлайтын жұртқа бұл сәттің маңызын атап өту үшін естелік сыйлықтар әзірледік. Олардың арасында футболка, кепка, кітап секілді заттар бар. Сайлау учаскесінде алғаш рет дауыс беретін 50-ден астам жас тіркелген», - деді № 110 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Дархан Матаев.