САТУ
- Биылғы жылдың алғашқы 4 айында тапсырыс сомасы 103%-ға өсіп, өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі 34 миллиард теңгемен салыстырғанда рекордтық 69 миллиард теңгеге жетті.
- Тапсырыс саны 2 есеге, 417 000-нан 900 000 жетті. Өсім 116%.
- Барлық тапсырыс арасында Kaspi.kz мобильді қолданбасы арқылы рәсімдеу көлемі ұлғайып, өткен жылғы 83%-бен салыстырғанда 94%-ға жетті. Kaspi.kz мобильді қолданбасы арқылы сатып алуды таңдайтын қазақстандықтар көбейіп келеді.
ТАУАР ТҮРЛЕРІ
- Сәуір айында Kaspi.kz-тегі Магазинде ұсынылған тауар саны өткен жылдың сәуіріндегі 130 000-нан ұлғайып, 220 000-ға жетті.
- Сұранысқа ие жаңа санаттар пайда болды – киім, аяқ киім, жаттығу жабдықтары, спорт тағамдары, декоративті косметика, жөндеуге арналған құралдар, құрылыс жабдықтары мен жануарларға арнал- ған тауарлар және басқа да заттар.
- Тапсырыс көлемі бойынша ТОП 10 көшбасшыға үй мен саяжай заттары (+464%); спорт пен туризм (+406%); құрылыс пен жөндеу (+394%); бос уақытта өткізу мен кітаптар (+379%); әшекейлер мен аксессуарлар (+231%); сән мен денсаулық (+176%); ТВ, аудио, видео (+172%); компьютерлер (+166%); жиһаз (+141%); балалар тауарлары (+129%) сынды санаттар кірді.
- Карантин мен төтенше жағдай кезінде 2020 жылдың сәуірінде 2020 жылдың наурыз айымен салыстырғанда шаш кесу құралдары (+716%), газоншапқыш (+477%), еден таразылары(+363%), секіргіш жіп пен гантельдер (+351%), асүй таразысы мен пісіруге арналған формалар (+277%) жоғары сұраныста болды.
СЕРІКТЕСТЕР
- Kaspi.kz-тегі Магазин арқылы тауар сататын компаниялардың 80%-ы шағын және орта бизнес нысандары
- Kaspi.kz түрлі тауар өндіруші қазақстандық компаниялармен белсенді жұмыс істейді. Өткен жылдың сәуірінен бері электронды коммерцияның үздік платформасына ADILI (аксессуарлар), Астау (ыдыс-аяқ), Balausa jewelry (әшекей бұйымдары), BEKZAT sport (спорт тауарлары), VEGA (сән бұйымдары мен әшекейлер), GLASMAN (киім), DiDi Style (киім), EMPIRE (сувенирлік заттар), Казахювелир (әшекей заттары), KresloComfort (жиһаз), MIMIORIKI (балалар тауары), OTAN (сағаттар), ОЮ (кілем), SMAN (аяқ киім) және басқа да қазақстандық танымал брендтер мен компаниялар қосылды.
- Өткен жылдың сәуірінен бері Kaspi.kz-те adidas, BOSCH, CASIO, Columbia, DECATHLON, DeFacto, MANSOON, Marks & Spencer, Milavitsa, Nike, Reebok және басқа да танымал халықаралық брендтер сатыла бастады.
ЖЕТКІЗУ
- Жыл басынан бері алғашқы 4 айда өткен жылдың ұқсас мерзіміне қарағанда жеткізілген тапсырыс көлемі 3 еседен асты. Kaspi.kz жеткізу қызметі аясында Қазпошта, DHL, DPD, Gallop, Pony Express мен Zammler сынды жетекші курьерлік алты компаниямен серіктес.
- Сәуірдің екінші жартысында Kaspi.kz жеткізуді тегін жасады және өз есебінен бүкіл ел аумағына 240 000 тапсырыс жеткізді. 2020 жылдың сәуір айында компания күн сайын 2019 жылдың қараша айындағы Kaspi Жұма тиімді сатып алу мерекесінің барлық уақытынан да көп тапсырыс орындады.
- Kaspi.kz жоспарлы түрде қалалар санын ұлғайтуда және 2019 жылдың сәуіріндегі 34 қаламен салыстырғанда 2020 жылдың сәуір айында Қазақстанның 54 қаласына зат жеткізді. Енді Ақсу, Алтай, Арал, Арыс, Байқоңыр, Бейнеу, Жаркент, Зайсан, Каратау, Кентау, Қордай, Лисаковск, Риддер, Саран, Степногороск, Текелі, Шардара мен Шу қалаларының тұрғындары сатып алумен бірге жеткізу қызметін пайдалана алады.
- Тапсырыс бойынша Түркістан (+436%), Жетісай (+399%), Балқаш (+362%), Қапшағай (+358%) және Ақсай (+354%) қалалары ең жоғары өсім көрсетті.
- Жеткізу қызметі бойынша ең жоғары үлес Алматы (34%), Нұр-Сұлтан (14%), Шымкент (6%), Қарағанды (6%) және Ақтөбе (4%) қалаларында. Бұл ТОП 5 қаланың үлесі барлық жеткізілген тапсырыстардың 64%-ын құрайды.