Карантинде жұмыс істемеген базар саудагерлері сауда орнына ақы төлей ме?
Карантинде жұмыс істемеген базар саудагерлері сауда орнына ақы төлей ме?
Фото: Интернеттен алынды
294
оқылды
Нұр-Сұлтандағы «Орталық базар» саудагерлерден карантин кезінде орын ақысын талап еткен астананың базар басшылығы, саудагерлерге 50 пайыз жеңілдік жасауға келіскен. Осылай деген кәсіпкерлер бұл ұсынысқа да түбегейлі қарсы, – деп хабарлайды AstanaTV. Телеарнаның хабарлауынша, екі күн бұрын ғана «базар басшылығы карантин мерзімі үшін ақша талап етіп жатыр» деп шу шығарған. Бұл жолы араға полицейлердің араласуына тура келді. Саудагерлерден маза қашқалы 4 күн болды. Ауыр індет елге жетіп, күтпеген жерден дүкендерін жауып кетуге мәжбүр болған олар қазір тіпті абдырап қалды. Базар әкімшілігі қайта-қайта қоңырау шалып, орын ақысын сұраған. Саудагерлер базардың алдында наразылықтарын ашық білдірген соң, басшылық жеңілдік жасайтынын айтқан. Мамыр айына тиесілі орын ақысын 50 пайыз жеңілдікпен төлеуге болатынын хабарлапты. Мүлдем кіріссіз қалған халық бұған да көнбей отыр. Себебі, орынның ақысына төлейтін қаражаты жоқ.   https://youtu.be/R2QSdaIQkcc Саудагерлер қанша қасарысса да, күзет қызметі мен коммуналдық төлемдер үшін де ақы төлеу міндеттелді. Сауда үйінің директоры оны базар ішінде түрлі дезинфекциялық шаралар үшін қажет деп түсіндірді.