Екі науқасқа бір мезгілде керек болса да, өкпені жасанды тыныс алдыратын аппарат жеткілікті
Екі науқасқа бір мезгілде керек болса да, өкпені жасанды тыныс алдыратын аппарат жеткілікті
Фото: Интернеттен алынды
423
оқылды
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Тілеухан Әбілдаев қала ауруханаларының өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппаратарымен қамтамасыз етілуі туралы айтты. «Өкпені жасанды желдету құрылғыларына келер болсақ, қазіргі уақытта аппарат жеткілікті. Ресей бізге «Авента» ӨЖЖ құрылғысының 20 данасын сыйламақ болған. Алайда түрлі себептерге байланысты олар бізге жібере алмады», – деді Тілеухан Әбілдаев онлайн жиында. Оның айтуынша, кейде Алматыда бірден екі науқасты ӨЖЖ аппаратына қосу керек болады. «Алматыдағы COVID-19 емдеуге арналған барлық жұқпалы госпитальдер жоғары сапалы, шетелдік өкпені жасанды желдету аппаратарымен қамтамасыз етілген», – деді Әбілдаев.