Alibaba компаниясының негізін қалаушы Джек Ма Қытайдың ең бай адамдарының тізімінде көш бастап тұрған. Қытайдағы ең бай адам атағына енді Tencent компаниясының басшысы Ма Хуатэн ие болды, – деп жазады Forbes журналы.
Коронавирус пандемиясы кезінде онлайн ойындардың ең ірі дистрибьюторы Tencent-тің акциялары жыл басынан бері 14% өсті. Ал бірінші тоқсанда компанияның ойындардан түсетін табысы 31%-ке артты.
COVID-19 кезіндегі шектеулерге байланысты мобильді ойындарға сұраныс артқан. Forbes-тың мәліметінше, 14 мамырдағы жағдай бойынша Хуатэннің байлығы – 48,3 млрд доллар. Ал Джек Maның қазір шамамен 41,2 млрд доллар қазынасы бар.
Бірақ Forbes басылымы Tencent-тің кірісінің өсуі уақытша болуы мүмкін екенін және шектеулердің біртіндеп алынуына байланысты адамдардың онлайн ойындарға деген сұраныс азаятынын да жазған.