Алматыда түнімен жауған жауыннан аулаларды су басып, ағаштар құлаған.
«21 ауланы су басып, 19 ағаш құлаған. Төтенше жағдайдан ешкім жапа шеккен жоқ. 14 мамырдағы дауыл болатыны жайлы ескертуден кейін қаладағы барлық құтқару қызметтері дайын тұрған» делінген қалалық ТЖД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Қазірге дейін 15 жекеменшік үйдің ауласына кірген су тоқтатылды. 4 жолды су шайған. 2 көпқабатты үйдің жертөлесіне су кірген. Қатты желден 8 ағаш көліктердің үстіне, 11 ағаш жолға құлаған. ТЖД қызметкерлері барлығы 840 текше метр суды сорғышпен сорып, су басқан аймақтарды құрғатты.