Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы биылғы ҰБТ-2020-да максималды 140 балл жинаған мектеп түлектеріне жаңа үлгідегі жоғары сапалы ноутбук сыйға тартады. Бұл туралы ҰТО директоры Дидар Смағұлов Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
«ҰБТ-да ұпайды әділ жинаған әрбір осы жылғы түлек керемет, супер-заманауи, 4 жылда ескірмейтін, соңғы модельдегі ноутбукты сыйлыққа алады!» – деді Дидар Смағұлов.