Бұл туралы астанадағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қоғамдық пікір» институтының кеңес төрайымы Айнұр Мәжитоваға сілтеме жасай отырып Қазақпарат хабарлады.
Оның айтуынша, сайлау күні «Қоғамдық пікір» институты Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Оларға «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген бір ғана сауал қойылды. Сонымен, Exit-poll нәтижесі төмендегідей:
Қасым-Жомарт Тоқаевқа - 70,13 пайыз,
Әміржан Қосановқа - 15,39 пайыз,
Дания Еспаеваға - 5,32 пайыз,
Жамбыл Ахметбековке - 3,86 пайыз,
Төлеутай Рақымбековке - 3,03 пайыз,
Амангелді Таспиховқа - 1,41 пайыз,
Сәді-Бек Түгелге - 0,86 пайыз дауыс жинады.