Нұр-Сұлтанның «Жағалауына» ойын-сауық кешені салынады – әкім
Нұр-Сұлтанның «Жағалауына» ойын-сауық кешені салынады – әкім
Фото: Интернеттен алынды
5,232
оқылды
Елорданың «Жағалау» ықшамауданында үлкен ойын-сауық кешені салынады. Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі Берік Жәкеновтің айтуынша, «Жағалау» ықшамауданынан басталатын Шыңғыс Айтматов көшесі маусымда салынады. «Ұлы дала даңғылына дейін созылатын Шығыс Айтматов көшесінің мердігері – «Құлагер» компаниясы. Олар осы құрылыс маусымында жұмысты аяқтауы тиіс. Себебі аталған аумаққа ірі инвестор келетін болады», – деді ол. Сонымен қатар ол «Жағалау» ықшамауданы, Шыңғыс Айтматов көшесінің бойы қаладағы ең көрікті жерлердің біріне айналатынын айтты. «Комиссия құрамында болған едім. Инвесторлар ол жерде үлкен ойын-сауық орталығын салғысы келеді. Тұрғындар да сол жерге қоғамдық кеңес орналастыруға қолдау көрсетіп отыр. Үлкен ойын-сауық кешені салынады», – деді Берік Жәкенов.