Jas Otan-да – жаңа төраға
Jas Otan-да –  жаңа төраға
410
оқылды
Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың келісімімен Jas Otan Жастар қанатының төрағасы қызметіне Елнұр Бейсенбаев сайланды. Жастар қанаты Орталық кеңесі мүшелерінің қатысуымен өткен жиында партия Төрағасының Бірінші орынбасары Jas Otan Жастар қанатының алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер тұрғанын алға тартты. – Еліміздің жарқын бо­ла­шағы үшін жа­­со­­тандықтар үздіксіз қызмет етуі тиіс. Ел­­­ба­­сы, партиямыздың Тө­ра­ға­сы Нұрсұлтан Назарбаев мәс­­лихаттың барлық дең­гейінде жас депутаттар са­нын 20%-ға дейін көбейту қа­жетін айтты. Бұл ретте Jas Otan Жастар қа­натының рөлі ерекше. Аталған ті­зім­­де жа­сотандықтар алғаш­қы­лардың бірі болып тұруы қа­жет. Қасым-Жомарт То­қаевтың ұсы­нысымен 2020 жыл Волонтер жылы бо­лып жарияланды. Осы орайда, Jas Otan елі­міздегі ең ірі жастар ұйымы ретінде, во­лонтерлік қозғалысты өрлетуде алдыңғы қа­тарда тұруы тиіс, – деді Бауыржан Байбек. Сондай-ақ ол әзірленіп жатқан 2020-2025 жылдарға арналған «Жастар-Отанға!» бағ­дарламасында білім алу, жұмысқа ор­на­ласу, баспана сияқты, т.б. жастар үшін өзек­ті мәселелер қамтылатынын жеткізді. Осы орайда, барша Қазақстан жастарына ар­налған бағдарламаның жобасын әзірлеу жұ­мыстарына әрбір ауылдың, ауданның, қа­ланың жастары атсалысуы қажет екенін ерек­ше атап өтті. Елнұр Бейсенбаевтың жастар сая­са­­тын­да тәжірибесі мол. Студенттік жыл­дары жас­тар ұйымдарының бел­сенді мүшесі бол­ған. Ол мемлекеттік қыз­метте және үкі­­­метті к емес ұйымдарда да жұмыс істеді. Осыған дейін Jas Otan ЖҚ төрағасы қыз­метін атқарған Дәулет Кәрібек Прези­дент­тік кадрлық резерв тізіміне еніп, ен­ді өзінің жастар саясатындағы мол тәжі­ри­бе­сін мемлекеттік қызмет саласында іске асы­рады. Жастарды жан-жақты қолдау мақ­­­са­тында жастар жылының қо­ры­­тындысы ре­тінде 300 білікті жас­­тар­дан тұратын Пре­зиденттік кадрлық резерв жасақталды. Бұл – елі­­­міздегі білімді және білікті жас­тарды қол­дауға бағытталған маңыз­ды шешім. Пар­тия мен жас­тар қанатының мақсаты – бә­се­кеге қабілетті болуды, қоғамға пай­­да келтіруді ойлайтын, Отан үшін жауап­­кер­ші­лік алуға дайын жастарға әлеуметтік лифт жасау. «Әрбір жастың жеке жетістігі – тұтас Ота­нымыздың табысы» деген Тұң­­ғыш Пре­зидент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­т­ың жас­тарға әр­дайым айрықша көңіл бөлетінін бі­лесіздер. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Жастар жылы ая­сында ең көп жастар шоғырланған Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қала­ла­рында жұмыс істейтін жастарға 3 мың пәтер берілді. Сондай-ақ алдағы 3 жыл ішін­де пәтер саны 9 мыңға ұлғайып, басқа ай­мақтарды да қамтитын болады», – деді Бауыржан Байбек.   Клара НАҚЫП