Қасым-Жомарт Тоқаев – 70 пайыз
Қасым-Жомарт Тоқаев –  70 пайыз
5,206
оқылды

Оның айтуынша, сайлау күні «Қоғам­дық пікір» инсти­туты Exit poll-дың стан­дартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнама жүргізу­шілер 325 сайлау учаскесін қамтыған. Оның ішінде облыс орталық­та­ры мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларын­­да – 97, шағын қалаларда – 94, ал ауыл округтерінде 134 сайлау учаскесі қамтылған. Сайлау ту­ралы заңның 28-бабына сәйкес, «Қоғамдық пікір» институты Орталық сайлау комиссиясына сайлауалды әлеу­меттік сауал­на­ма жүргізу ниеті туралы хабардар еткен, ал аталған институтқа сауалнама жүргізуге «Ел ті­регі» заңды тұлғалар бірлестігі тап­сырыс берген.

– Сауалнама стандарты ха­лық­аралық әдістеме бойынша жүргізілді. Респон­дент­терге «Сіз қай кандидатқа дауыс бер­діңіз?» деген бір ғана сауал қойыл­ды. Таңғы сағат 7-ден кеш­кі сағат 8-ге дейін сауална­маның алты толқыны өтті. Нә­тижесінде, 13 200 сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Іріктеме қателігі шамамен 3 пайызды құрайды. Сауалнама жүргізуге 350-ден астам адам атсалысты. Exit poll нәтижесі келесідей: Жамбыл Ахметбеков­ке – 3,86 пайыз, Дания Еспаеваға – 5,32 пайыз, Әміржан Қосановқа – 15,39 пайыз, Төлеутай Рақымбековке – 3,03 пайыз, Амангелді Таспиховқа – 1,41 пайыз, Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 70,13 пайыз, Сәді-Бек Түгелге 0,86 пайыз дауыс берілді, – деді А.Мәжитова