мерикалық ғалымдар жүргізген зерттеу COVID-19 жұқтырған адамнан сөйлеу кезінде шыққан сілекейдің ауада 14 минутқа дейін сақталатынын көрсетті, – деп хабарлайды Science Mediacentre.
«Барлығы білетін факт – коронавирус жөтелу немесе түшкіру кезінде жұғады, алайда зерттеу қорытындысы жабық ғимаратта дауыстап сөйлеген кездің өзінде COVID-19 жұқтырудың қаупі зор екенін көрсетті», – дейді ғалымдар.
Ғалымдардың айутынша, коронавирус жай әңгімелескен кезде жұғатыны тағы бір рет дәлелденсе, медициналық маска тағудың міндетті екені тағы да айқын болады.