Шығыс Қазақстан облысында биыл жергілікті 25 жол жөнделеді
Шығыс Қазақстан облысында биыл жергілікті 25 жол жөнделеді
© Сурет ғаламтордан
280
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында биыл жергілікті маңызы бар 25 жол жөндеуден өтеді, – деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі. 2020 жылы өңірде автомобиль жолдары саласындағы 25 жоба аясында облыстық және аудандық жолдар, сондай-ақ елді мекендерге кіретін жолдар орташа жөндеуден өтеді. Атап айтқанда, «Семей-РФ шекарасы-Новопокровка-Петропавловка-Зұбайыр-Байтанат-РФ шекарасы», «Семей-РФ шекарасы-Воскресеновка-Петропавловка-Шелехово-Белағаш-Дмитриевка», «Шемонайха-Усть-Таловка», «Үлкен Нарым-Күршім», «Солдатово елді мекеніне кіру жолы», «Үлкен Нарым-Күршім», «Омбы-Майқапшағай-Жарсу-Бақасу-Саржыра», «Қарағанды-Аягөз-Боғас-Ырғызбай ата», «Омбы-Майқапшағай-Шілікті-Ақжар», «Таврическое-Каменка-Завидное», «Өскемен-Тарғын-Самарское», «Шемонайха-Большая Речка», «Таскескен-Бақты-Қарабұта-Ақшоқы» жолдары жаңартылады. Бұдан бөлек, биыл 8 елді мекенге кіру жолы жөнделеді деп жоспарланған. Сондай-ақ, өңірде республикалық автомобиль жолдары саласында: «Талдықорған-Өскемен», «Қалбатау-Майқашағай» жолдары және «Осинов асуы» сияқты ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Еске сала кетейік, Шығыс Қазақстан облысындағы жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы – 85 84 шақырым. Олардың 81% - жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.