Жемқорлық көзі қайда?

Жемқорлық көзі қайда?

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қазақстан­дық­тар арасында арнайы са­уалнама жүргізген еді. Са­­уалнамаға қатысушылар мемлекеттік органдарды кө­­біне жемқорлық қылмыс­тың қайнар көзі деп санайды. Бұл 2019 жылы Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру нәтижелері туралы баяндамада жария етілді. Сауалнамаға 14 облыс орталық­тарынан, 136 ауданнан, сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қаласынан 7,2 мыңға жуық қазақстандық қатысыпты. Олардың арасында 1,8 мың кәсіпкер де бар. Қазақстандықтардың ай­туынша, олар көбіне мемлекеттік ауруханалар мен емханаларда жемқорлыққа тап болады екен. Екінші орында полиция қызмет­керлері тұр. Сондай-ақ қатысу­шы­лар жемқорлықтың 60 пайы­зы мемлекеттік органдарға тие­сілі деп көрсеткен. Бұл тізімге Жер қатынастары басқармасы, мемлекеттік балабақшалар мен университеттер де кіреді. Ал кәсіпкерлердің айтуынша, олар жер қатынастары бөлімінде жемқорлықпен жиі ұшырасады екен. Сауалнама бойынша жем­қорлық жиі кездесетін мем­ле­кеттік органдар тізіміне Мемле­кет­тік кірістер департаменті (са­лық), өртке қарсы қызмет, ке­ден органдары және Учаскелік по­лиция департаменттері енген. Сауалнамаға қатысушылар кей сәттерде қағазбастылық сал­дарынан сыбайлас жемқорлыққа жол берілетінін мойындап отыр.  

Э.ОРАЛБАЙ