Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтанда 8 мыңнан астам пәтер салынбақ
Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтанда 8 мыңнан астам пәтер салынбақ
фоо: ашық дереккөз
175
оқылды
Елорда әкімі Алтай Көлгінов әлеуметтік баспана құрылысымен танысты. Олардың бірқатары - құрылысы аяқсыз қалған үйлер, – деп хабарлайды қала әкімдігі. Осылайша, мыңнан астам пәтер мұғалім, дәрігер сынды бюджеттік сала жұмысшыларына бөлінеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл құрылыс көлемі ұлғайтылды. Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтанда 8 мыңнан астам пәтер салынбақ. «Азаматтарды қабылдауда көтерілетін негізгі мәселелердің бірі - әлеуметтік баспана. Жеңілдікпен берілетін пәтерлерге ерекше көңіл бөлеміз. Өткен жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеміз. Қыста балық қажетті құжаттармен айналысып, құрылыс маусымында іске кірісуді көздедік. Жеке қабылдауымда тұрғындар жалдамалы пәтерді 5 жылдан кейін босату мәселесіне де алаңдаушылық білдірді. Арендалық баспана - кезекте тұрған адамдардың 5 жылдан кейін босатуын білдірмейді. Тек 5 жыл сайын келісімшартты ұзартып отыру қажет. Тек жұмыс істейтін жастардың арендалық баспанасы 5 жылда қайтарылуы тиіс. Себебі олар 5 жылда аяққа тұрып, өзге баспаналық бағдарламаларға қатысады», - деді А. Көлгінов. Әзірге биыл Нұр-Сұлтанда 500 мың шаршы метрден астам әлеуметтік баспана пайдалануға берілді. Бұлар кезекте тұрғандарға (халықтың аз қамтылған бөлігіне) және Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі салымшыларына арналған.