Үш өңірде демографиялық өсім байқалады
Үш өңірде  демографиялық өсім байқалады
фото: ашық дереккөз
182
оқылды
Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті  2020 жылғы қаңтар-наурыздағы демографиялық ахуал жөніндегі мәліметті жариялады. Комитеттің мәліметінше, 2020 жылғы 1 сәуірге еліміздегі халық саны 18690,2 мың адамға жетті. Оның ішінде қалалықтар – 10 млн 991,5  мың (58,8%), ауыл тұрғындары  –7 млн 698,7 мың 41,2%) адам. 2019 жылғы 1 сәуірмен салыстырғанда халық саны 241,6 мың адамға немесе 1,3% өскен. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде байқалған. Атап айтсақ Алматы қаласында - 66,3 мың адам, Нұр-Сұлтан қаласында - 57,9 және Түркістан облысында - 29,9 мың адамға өскен.