Президентті туған күнімен кімдер құттықтады?
Президентті туған күнімен кімдер құттықтады?
1,547
оқылды
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 67 жасқа толды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күніне орай шетел мемлекеттер басшыларынан, үкімет және парламент төрағаларынан, шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссиялардың, коммерциялық мекемелердің жетекшілерінен, дін, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерінен құттықтаулар келіп түсті. Ресей Президенті Владимир Путин, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков және Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен телефон арқылы құттықтады. Сонымен қатар Қазақстан Президентінің атына ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин, Сербия Президенті Александр Вучич, Украина Президенті Владимир Зеленский, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Армения Президенті Армен Саркисян, Армения Премьер-Министрі Никол Пашинян, Молдова Президенті Игорь Додон, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, бұдан бөлек Ресейдің Федералдық жиналысы Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко,  ТМД атқарушы хатшысы – атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедев, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Зась, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТүркПА бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов, Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилл және басқалар құттықтау жеделхаттарын жолдады. Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтаған жеделхаттар толассыз келіп жатыр. Айта кетейік, күн бұрын Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Президенттің туған күнді қалай атап өтетіндігі жөнінде мәлімет бергенін жазғанбыз. «Соңғы күндері бірқатар ақпарат құралдарының өкілдері «Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді?» деген сауал жолдап жатыр. Биылғы 17 мамыр жексенбі күніне сәйкес келіп отыр. Сондықтан Қасым-Жомарт Кемелұлы үйінде жұмыс істейді. Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент Әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған»,– делінген баспасөз хатшысының мәліметінде. Сондай-ақ Президентті барша қазақстандықтар да әлеуметтік желіде құттықтап жатыр. Әнші Димаш Құдайберген инстаграмдағы парақшасында қазақ және ағылшын тілінде құттықтауын жолдады.
«Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Басшы ретіндегі даналық пен дарын Сізге алда да қазақ елін өркендету жолында сенімді серігіңіз болсын! Сізге мықты денсаулық, күш-қуат, қажымас қайрат тілеймін, ел игілігі жолындағы жасампаз жұмысыңыз жемісті болсын! Әрбір қазақ азаматы, Қазақстан тұрғыны бақытты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Туған күніңізбен, аға!» – делінген жазбада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймын! Басшы ретіндегі даналық пен дарын Сізге алда да қазақ елін өркендету жолында сенімді серігіңіз болсын! Сізге мықты денсаулық, күш-қуат, қажымас қайрат тілеймін, ел игілігі жолындағы жасампаз жұмысыңыз жемісті болсын! Әрбір қазақ азаматы, Қазақстан тұрғыны бақытты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Туған күніңізбен, аға! @tokayev_online. ________________________________________________ Dear Kassym-Jomart Kemeluly! I sincerely wish you a happy birthday! I believe that you will lead our country out of difficult times with your wisdom! May the wisdom and talent of the leader continue to accompany you as a reliable companion in the further development of the Kazakh nation! I wish you good health, strength, tireless energy, and fruitful creative work for the well-being of the country! May every Kazakhstani citizen be happy! May our country be safe and our people peaceful. Happy birthday, Mr. President

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Мемлекет басшысына зиялылар, қоғам қайраткерлері, өнер өкілдері, журналистер, қарапайым ел тұрғындары құттықтауын жолдауда.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

@tokayev_online

Публикация от Berik UALI (@berikuali)

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=3044734772262867&id=100001791234500
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлын бүгінгі туған күнімен құттықтаймыз! Ел игілігі үшін аман болсын. Қасым-Жомарт Тоқаев мен туған жылы еңбек жолын бастап, әлемдік саясат сахнасына көтерілген екен. Ұлы ҚАЗАҚСТАНЫМЫЗДЫ әділдікпен, имандылықпен, салиқалы, сарабдал саясатпен, жақсылыққа жетелей бердіңіз. Ұрпақтар болашағы жарқын болып, ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ алғысын бөлене беріңіз. Қасиетті рамазан айындағы, қадір түні қарсаңындағы тілектер қабыл болсын, әумин. @tokayev_online #?????????‍?‍?‍???????????☀️

Публикация от Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)