Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысында дауыл соғуы мүмкін
Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облысында дауыл соғуы мүмкін
Фото: Интернеттен алынды
5,186
оқылды
«Қазгидрометің» хабарлауынша, елімізде әлі де құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр, оңтүстікте және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады, желдің күшеюі, бұршақ жаууы ықтимал. Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, желдің күшеюі күтіледі, күндіз желдің екпіні – 23 м/с. Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел екпіні 15-20 м/с дейін, күндіз 23-28 м/с жетеді. Жамбыл облысының күндіз кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні - 23 м/с, түнде және таңертең тұман байқалады. Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, бұршақ болуы мүмкін, желдің күші - 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ, жел екпіні 15-20 м/с. Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз кей жерлерде жел 18 м/с күшейеді. Түнде Атырау облысында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы – 18 м/с. Алматы, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді. Күндіз Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.