Шымкентте коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейіп бара жатыр
Шымкентте коронавирусқа шалдыққандар саны күрт көбейіп бара жатыр
Фото: Интернеттен алынды
178
оқылды
Шымкент қаласында бір күнде  коронавирус инфекциясын жұқтырған 60 адам тіркелді. Бұл цифр алдыңғы күні +77 болған. Осылайша, соңғы екі күнде шымкенттіктерді осынау цифрлар шошытып тастады. Тіркелген 60 адамның 1-і Атырау облысынан келген азамат болса, 58-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған. 1-еуі ЖРВИ-мен ауруханаға жатқызылған болатын. Штабтың хабарлауынша, қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Тиісті ем қабылдауда. Қазіргі таңда науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталу үстінде. Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 404 адам болды.

Назгүл НАЗАРБЕК