Нұр-Сұлтанда санитарлық норманы сақтамаған мекемелер қайта жабылды
Нұр-Сұлтанда санитарлық норманы сақтамаған мекемелер қайта жабылды
Фото: Интернеттен алынды
230
оқылды
Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған бірқатар нысандар жабылды. Оның ішінде, құрылыс компаниялары, азық-түлік сатпайтын дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар және басқа нысандар бар. Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпидемиологтармен бірлесіп, күнделікті санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуын бақылау бойынша рейд жүргізеді. Қатаң санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз етпейінше нысандар қайта ашылмайды. Қатаң ережелер коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қабылданды.