Қызылорда облысы Сексеуіл кентінде 300 балаға шақталған мектеп салынады. Кентінде 3 мектеп, 2 жарым мың оқушы бар. Сол білім ұяларының екеуінде орын тапшы, – деп жазады 24.kz.
Оның үстіне, бар мектептің өзі темір жолдың тек бір жақ бетіне орналасқан. Сексеуілдің 600-ден астам оқушысы темір жолдың арғы бетінен мектепке қатынайды. Жол қысқартқысы келгендері қаз-қатар жатқан мына 15 рельсті аттап, вагондардың астымен өтуге мәжбүр.
Бұл әрине кішкентайлардың өмірі үшін аса қауіпті. Ақпарат құралдары арқылы айтулы мәселеден хабардан болған Президент тапсырмасынан соң, жаңа мектеп құрылысы бірер күнде басталатын болды. Қаржы проблемасы толық шешілген. Құны 730 млн теңгеден асады.
Облыс әкімі 11 мың тұрғыны бар елді мекендегі мектеп құрылысын жаңа оқу жылына дейін аяқтауда тапсырды.