Жыл ортасына жақсы жетістіктермен жетті
Жыл ортасына жақсы жетістіктермен жетті
399
оқылды

Қазақстан эконо­микасы, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыс­тыр­ғанда, 4 пайыз­ға артқан. Салыстыру үшін айтсақ, Еуразиялық одақ­тағы ірі экономика сана­латын Ресейдің ЖІӨ-сі 2019 жыл­ғы қаң­тар-сәуір айла­рында бар-жоғы 0,8%-дық, тағы бір «одақтасымыз» – Бела­русь­тің ЖІӨ-сі 1,4%-дық өсімге қол жеткізді.

Премьер Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы жылғы қаң­тар-мамыр аралығындағы еліміз­дің әлеуметтік-экономи­ка­лық дамуы­ның және республика­лық бюджет­тің орындалуының қоры­тынды­лары шығарылды. Жиын­да Ұлттық экономика, Қаржы, Ин­дус­трия және инфра­құрылымдық даму, Энергетика, Ауыл шаруашы­лығы министрлері есеп берді. Бұдан бөлек, Ұлттық банк төра­ғасы мен бірқатар өңір әкімдерінің баян­дама­лары тың­дал­­ды.

«Биылғы қаңтар-мамыр айла­рында жалпы ішкі өнімнің өсімі өткен жылға қарағанда 4%-ды құрады», – деп мәлім еткен Үкі­мет басшысы экономикалық өр­­кен­деу қарқынын одан ары өріс­тету бойынша шаралар қа­был­­дауды тапсырды.

Экономиканың негізгі қозғау­шы күштері қатарына – өңдеуші сектор, оның ішінде авто­өнер­кәсіп (46,4%-ға өскен), машина жа­сау (16%), құрылыс (8,8%), сау­да (7,5%), көлік саласы (5,3%) еніп отыр.

Осы жылдың 5 айының қоры­тын­дысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму жөнінен Ақ­мо­ла, Павлодар, Шығыс Қазақ­стан, Қостанай, Түркістан облыстары алға шыққан. Осы орай­да, Премьер-министр өңір­лер әкімдеріне құрылыс, инвес­ти­циялар, өнеркәсіп және тұрғын үйді пайдалануға беру салаларын­да көрсеткіштердің өсуін қамта­ма­сыз етуге бағытталған шара­лар­ды күшейтуді жүктеді.

Өткен мамыр айында айлық инфля­ция 0,6% болыпты. Бетімен жіберсе, баға қымбатшылығы шектен шығуы ықтимал. Оның үстіне, Үкімет жетекшісі бұл көр­сет­кіштің әзірге белгіленген 4-6% дәлізден шықпағанына қарамас­тан, бірқатар өңірде ауыл шаруа­шы­лығы тауарлары бағасының өсіп жатқанына назар аудартты.

– Қазір нарық жаңа жиналған жеміс, жидек және көкөністермен молығуда. Тиісінше, бағалары да арзандауға тиіс. Өңір әкімдері, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасын тұрақ­ты ұстау бойынша жеткілікті шара­лар қабылдасын, – деді Асқар Мамин.

Республикалық бюджеттің игерілуі мәселелеріне тоқталған ол конкурстық рәсімдерді уақы­ты­лы өткізу жұмысын күшейтуді жалғастыру қажетін нықтады. Бұл бюджет қаражатының жыл со­ңын­да игерілмей қалуы қаупін жоюға мүмкіндік береді.

Сөзін түйіндеген Премьер А.Мамин Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағда­рының және жаңа сайланған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының толығымен жүзеге асырылуын қамтамасыз етудің маңызын атап өтті. Бұған экономиканы және инфрақұры­лым­ды орнықты дамыту, қол­жетім­ді баспанамен қамту, білім беру мен денсаулық сақтауды жақсарту арқылы халықтың табысын және тұрмыс сапасын арттыру жатады.

Президенттің сайлауалды тұғыр­намасының стратегиялық міндеттерін тиімді орындау елдегі әлеуметтік мәселелерді шешуге жол ашады.

– Жаңа жұмыс орындарын ашу – Үкімет жұмысының басты мәселесі болады. Нәтижелі жұ­мыс­пен қамту мәселесінің шеші­мін табуы экономиканың дамуы­мен, жұртшылық табысының артуымен, бәсекеге қабілетті өндіріс­тердің ашылуымен тікелей байланысты. Барлық әкім және мемлекеттік орган басшылары инвестициялар тартуға, шағын және орта бизнестің дамуына барынша көңіл бөлуге тиіс. Бұл жұмыс үздіксіз жүргізілетін болсын! – деді А.Мамин.

Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов экономикалық өсімнің оң серпіні сақталғанына екпін түсірді.

– Жалпы ішкі өнімнің өсуі 4%-ды құрады. Жылдық мәндегі инфляция деңгейі 5,3% болды. Яғни, 4-6% дәлізінің шегінде. Инвестициялардың арту қарқы­ны ЖІӨ өсімінен асып түсті: өсімі биылғы 4 айдағы 6,7%-дан енді 7,8%-ға дейін үдеді. Ауыл шаруа­шы­лығына және құрылысқа құйыл­­ған инвестициялар 1,5 есеге үлғайды. Өнеркәсіпте ин­вес­­тициялар 17,5%-ға артты, – деді бас экономист.

Өткен аймен салыстырғанда, Қазақ­станның халықаралық резерв­­тері 0,4%-ға ұлғайыпты және көлемі 86,7 миллиард дол­ларды құрады.

Осы жылғы қаңтар-мамырда өнеркәсіптік өндіріс 2%-ға өсті. Алайда соның ішінде мұнай өнді­рісі 3,2%-ға төмендеген. Бұл сала кәсіп­орындарындағы жоспар­лы жөн­деу жұмыстарымен байла­нысты.

Ал өңдеу өнеркәсібінің өсімі 3,6% болды. Сөйтіп, ол мұнай сек­­торын­дағы қысқарудың ор­нын толтырған. Өңдеу секто­рын­да екі таңбалы өсімге жеңіл өнер­кә­сіп (23%), сусындар өндірісі (18,9%), машина жасау (16%), плас­тмасса бұйымдары өндірісі (12%), сондай-ақ фармацевтика (11,6%) қол жеткізді.

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс қалпына келді. Оның өнім шығарылымы өткен жылғы дең­гейге жетті.

Елде құрылыс қарқыны үдей түсті. 5 айда өсімі 8,8% межесін бағындырды. Өйткені өнеркәсіп нысандарын, автомобиль жолда­рын салу, газ құбырларының құры­­лысы бойынша жұмыстар көбейді. Бұған қоса, ірі зауыттарда құрылыс-монтаждау жұмыстары артты.

Экономиканың бір ұстыны – ауыл шаруашылығында да ор­нықты өсім байқалуда. Ондағы өнді­ріс көлемі 3,7%-ға ұлғайды. Өсу мал шаруашылығының 3,6%-ға және өсімдік шаруашылығының 8,1%-ға артуы есебінен қамта­ма­сыз етіліпті.

2019 жылғы қаңтар-сәуірде еліміздің сыртқы сауда айналымы 28,7 миллиард долларды құрады. Экспорт көлемі 18,5 миллиард дол­лар, ал импорт 7,2 миллиард дол­лар болды. Яғни, осылар ара­сындағы айырма – сауда балан­сының еліміз үшін оң саль­до­сы 8,3 млрд долларға жетті.

– Әйткенмен, өңірлер ара­сын­да Маңғыстау облысы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалала­рын­да бір­не­ше көрсеткіш бойынша төмендеу тіркелуде. Нақтырақ айтсақ, Маң­ғыс­тау об­лысында – инвести­ция­лар, құры­лыс және өнеркәсіп, оның ішінде кен өндіру өнер­кәсі­бінде; елор­дада – инвестициялар және тұр­ғын үйлерді пайдалануға беруде; Шымкентте – инвес­ти­циялар, кен өндіру өнеркәсібі және тұр­ғын үйлерді пайдалануға беруде. Бұдан басқа, дәл осы өңірлерде инфляция деңгейі, оның ішінде азық-түлік тауарлары бағалары­ның қымбат­тауы орташа рес­публи­калық мәннен жоғары болуда, – деді Руслан Дәленов.

Сондықтан еліміздің бас эко­но­­мисі орталық және жергі­лік­ті атқарушы органдарға біріншіден, арттап қалған көрсеткіштер бойын­ша бақылауды күшейтуге; екін­шіден, инвестициялық жоба­лар аясында инвестициялар тарту жұмысын өрістетуге; үшін­ші­ден, «Экспортты ілгерілету­дің жаңа жол картасын» іске қосуға және оның іс-шараларын іске асыруды жандандыруға кеңес берді.

Мұның сыртында, бағалардың маусымдық төмендеуі кезеңінде азық-түлік өнімдерінің, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың негізсіз қымбат­тауы­на жол бермеу; бюджет қара­жатын тиімді игеруді жүзеге асыру қажеттігі баса айтылды.

Үкімет басшысының бірінші орынбасары – Қаржы министрі Әлихан Смайылов өткен 5 айда 1 462 аудиторлық іс-шара жүргізі­ліп, тексеріспен 292 миллиард теңге бюджет қаражаты қамтыл­ға­нын хабарлады.

Нәтижесінде, 48 миллиард теңгенің қаржылық бұзушы­лық­тары анықталыпты. Дегенмен тауарларды жеткізу, қызметтер көрсету және жұмыстарды орын­дау, бюджетке өтеу, есепті­лік­те көрсету арқылы 39 миллиард тең­ге­л­ік қаржылық бұзушы­лық­тар қалпы­на келтірілген екен.

Министрлік аудит объекті­лері­нің қызметтерін жетілдіру және тиімділігін арттыру үшін 1 170 рекомендация берді. Олар­дың әзірше тек 669-ы орын­далған. Қалғаны бойынша тек­серілген нысандар жұмыс жүр­гізуде.

– Бұдан өзге, камералдық бақылаумен жалпы сомасы 4 триллион 476 млрд теңге тұратын 676 мың мемлекеттік сатып алу процедурасы қамтылды. Тексеру қоры­тындысында 13 593 тендер­ден жалпы сомасы 261 миллиард теңгенің заң бұзушылығы әшке­ре­ленді. Осы бұзушылықтар­ды жою үшін аудит нысандарына 13 478 ха­­барлама жолданды. Нәти­же­сінде, 215 миллиард теңгенің бұзу­шылықтарына тоспа қойыл­ды. Олар конкурстық құжаттарға өзгерістер енгізу және сатып алу­дың қортындыларын қайта қарау арқылы түзетілді. Ағымдағы қар­жы жылының 5 айының қортын­ды­лары осындай! – деп түйді бірінші вице-премьер.