Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов Француз республикасы Ұлттық ассамблеясындағы «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Т.Кабаре бастаған депутаттарды және байқаушылар делегациясын қабылдады.
С.Громов сайлауды байқау үдерісінде шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің рөлі өте жоғары екенін баса айтты.
«Бұл саяси оқиғаның бұрын-соңды болмаған көп шетелдік байқаушылардың қатысуымен өткені біз үшін маңызды болды», – деді палата төрағасының орынбасары.
П.Кабаре тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына, Қазақстан мен Франция арасындағы достық қатынастарды дамытуға Елбасы Н.Назарбаевтың қосқан үлесін жоғары бағалады. «Сайлау учаскелерінде болған кезде сайлау ашық әрі тыныш жағдайда өткеніне куә болдық», – деді халықаралық байқаушы.
Ол Қазақстанда сыртқы саяси бағыттың сабақтастығы сақталып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастаған барлық реформа жалғасарына сенім білдірді.
Тараптар екі елдің парламентаралық өзара іс-қимылының, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әріптестігінің өзекті мәселелерін талқылады. П.Кабаре қазіргі кезде қазақстандық ұшқыштарды Тулузаның азаматтық авиация университетінде оқыту мәселесі шешіліп жатқанын хабарлады.