Ұшқыштарымызды Франция әзірлемек
Ұшқыштарымызды Франция әзірлемек
221
оқылды

Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Сергей Громов Француз республикасы Ұлттық ассамблеясындағы «Франция-Қазақстан» достық тобының төрағасы Т.Кабаре бастаған депутаттарды және байқаушылар делегациясын қабылдады.

С.Громов сайлауды байқау үдерісінде шет мемлекеттердің, халықаралық ұйымдар мен бұқа­ра­лық ақпарат құралдары өкіл­дерінің рөлі өте жоғары екенін баса айтты.

«Бұл саяси оқиғаның бұрын-соңды болмаған көп шетелдік бай­қаушылардың қатысуымен өткені біз үшін маңызды болды», – деді палата төрағасының орын­ба­сары.

П.Кабаре тәуелсіз Қазақстан­ның қалыптасуына, Қазақстан мен Франция арасындағы достық қатынастарды дамытуға Елбасы Н.Назарбаевтың қосқан үлесін жоғары бағалады. «Сайлау учаске­ле­рінде болған кезде сайлау ашық әрі тыныш жағдайда өткеніне куә бол­дық», – деді халықаралық бай­қау­шы.

Ол Қазақстанда сыртқы саяси бағыттың сабақтастығы сақталып, Қазақстанның Тұңғыш Президенті бастаған барлық реформа жалғаса­ры­на сенім білдірді.

Тараптар екі елдің парламента­ралық өзара іс-қимылының, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әріптестігінің өзекті мәселелерін талқылады. П.Кабаре қазіргі кезде қазақстандық ұшқыш­тарды Тулузаның азамат­тық авиа­ция университетінде оқыту мәсе­лесі шешіліп жатқанын хабарлады.