Халықаралық деңгейдегі шебер Жансая Әбдімәлік шахматтан әлемнің бірінші чемпионы атанған Вильгельм Стейницті еске алуға арналған блиц-шахматтан FIDE Online Steinitz Memorial 2020 онлайн жарысына қатысты. Ол ойынның екінші күніндегі партияларын сәтті өткізіп, 2-орынды иеленді. Бұл туралы Prosports.kz сайты жариялады.
Жансая өткізілген алты партияның ішінде қытайлық Лэй Тинцзе мен Тань Чжонъи, Болгария спортшысы Антоанета Стефанова, ресейлік Александра Костенюк және франциялық Мари Себагты жеңіп, бес рет үздік атанды.
Тек сегізінші жарыста 20 жастағы қазақстандық шахматшы екінші күннің қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы тізімде Ресей спортшысы Екатерина Лагнодан ұтылды. Ол 8 ұпаймен алға түсіп кеткен. Жансая Әбдімәлік 7,5 ұпай санымен Костенюк және Тань Чжонъимен бірге 2-орынға шықты.