Кездесу барысында Мемлекет басшысына еліміздегі заң мен құқық тәртібінің сақталуы жөнінде ақпарат берілді. Президент Бас прокурорға азаматтардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде тез арада шаралар қабылдауды тапсырды.
– Ұсталған тұлғалардың нақты саны мен олардың кінәларының деңгейін анықтау қажет. Наразылық орнында кездейсоқ болған кінәсіз азаматтар мен тұлғаларды босату керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.