Қазақ тіліндегі жарнама неге шолақ?

Қазақ тіліндегі жарнама неге шолақ?

Осы күні мемлекеттік тілдің ахуалы қай тұстан болса да білініп жатыр. Қала көшелерін­де кейбір дүкендердің маңдай­ша­сында қазақ тіліндегі жар­на­ма­лар қатеге толып тұр. Көбі ма­ғынасына үңілмей, орыс ті­лінен сөзбе-сөз аударма жа­сай салады. Ал келесі біреуі қа­зақ тілінде мүлде жазбайды. Керек адам өзі түсініп алсын деген сөз шығар. Сонымен, мә­се­леге бойласақ. Еріксіз езу тартқызар жарнама­лар әсіресе үлкен қалаларда көп. Біз елордадағы жайларды бір шо­лып шыққан едік. Қазақ тілі­нің заң­дылығын сақтамай, грам­ма­ти­калық қатеге толы жарнама ұсын­ған сауда орындары жетерлік екен. Мысалы, Республика даң­ғы­лында А.Иманов көшесіне жол сілтеп тұрған медициналық кли­никаның жарнамасында «Про­ни­кающая гидроизоляция» сөзін қазақ тілінде «Ішке енер гирдоо шаулау» деп тәржімалаған екен. Ал BI Finance ипотека орталығының жарнамасында «Пәтер сатып алу үшін бір терезе» деген сөз кездесті. Ал билбордқа ілінген enbek.kz «Жұмыс іздеп жүрсіңбе?» деп жазылған, яғни бе сұраулық шылауын сөзге қосып жазған. Мемлекеттік тілдегі жарнамасынан қате жіберген дүкен иелеріне алғашында Тіл бас­қар­масының өкілдері тек ескерту­мен ғана шектеледі екен. Талап бо­йын­ша ескертуден соң 1 айдың ішін­де қатені түзеу керек. Түземеген жағдайда 100 мың теңге көлемінде ғана айыппұл салынады. Бірақ ау­қым­ды дүкендер үшін бұл айыппұл ауыр соқпайтыны тағы аян. Көп жеке­меншік ұйымдар атауын маң­дайшасында мемлекет тілде жаз­бай­­тынын да айттық. Ол заңға қар­­сы әрекет екен. Бірақ заңның орын­далуы ақсап тұрғандай. Мы­са­лы, Тіл туралы заңның 21-ба­бында кез келген мекеме маң­дай­­шасында атауын бірінші (сол жағына) немесе жоғарғы жағына қазақ тілінде жазуы тиіс. Жыл сайын Нұр-Сұлтан қала­лық Тіл басқармасы 50-ден астам жар­нама агенттіктерімен тікелей жұмыс істейді. Демек, жарнама тілін реттеу үшін әдістемелік көмек көр­сетеді. Тіл басқармасының дерегіне сенсек, бір жылда мыңнан астам жарнама мен көрнекі ақпа­рат­тардың нобайы тексеріледі екен. Орташа есеппен алғанда соның 30 пайызынан тілдік тұрғы­да қате табылады. Былтыр Тіл басқармасы «Тіл тазалығы – баршаға ортақ іс» атты шара өткізіп, жарнамалар мен мекеме атауларына тексеріс жүр­гізген. Сол тексерістің өзінде 400-ден астам жарнамадан қате табылған. Енді бірі заңсыз орна­лас­қан. Бір қаланың өзінде мәселенің ушыққаны көрініп тұр. Нұр-Сұлтан қалалық Тіл бас­қармасы жанынан құрылған жұмыс тобы бар. Жұмыс тобы әр ау­данға бөлініп, дүкен атауы мен жар­на­ма­сындағы қателіктерді тауып, кәсіп­керлерге ескертіп отырады. Бірақ жұмыс тобы өкілдерінің де айтар назы көп секілді. Осы іспен тұрақты айналысып жүрген тіл жанашыр­лары­ның пікіріне құлақ ассақ.   Жандос ӨСТЕМІР, Нұр-Сұлтан қалалық Тіл басқармасы жанынан құрылған жұмыс тобының мүшесі: – Елорданың әр ауданына барып, мемлекеттік тілдегі жарнама мен көрнекі ақпараттардың қате­лігін көріп жүрміз. Ескерту жасап, шара қолдану үшін Тіл басқармасына хат жазамыз. Шыны керек, кәсіп­керлерге қолданылар жаза әлсіз. Тіл басқармасы ескерту жасайды, орындамаса 1 айдан кейін айып­пұл салады. Кәсіпкерлерге бұл мәсе­ле емес. Соны аңғардық. Айтар уәжі біреу: «Қазақстанда мем­ле­кеттік тіл мен ресми тілдің дәрежесі тең». Өз ойым, Қазақстан Конституциясындағы 7-баптың 2-тармағына өзгерту енгізіп, мем­ле­кеттік тілдің дәрежесін үстем ету керек сияқты. Онсыз мұндай мәселе таусылмайды. Қазақ тілін қажетсінбейтін қытай мен түрік компаниялары да бар. Біз бір жақты ғана қарап отырмыз. Ал сауда орындарына кіріп, тауар жайлы мемлекеттік тілде анықтама алу тіптен қиын. Сол себепті нәтиже болмаса, барлық жұмыстың зая кеткені.   Ділда УӘЛИБЕК,  Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Филология факультетінің 4-курс студенті: – Тіл басқар­ма­сы атынан кө­ше­дегі жарнамаларға тексеру жүр­гіздік. Тек Республика даңғы­лы­ның өзінде мемлекеттік тілдегі 40-тан астам жарнама қате жа­зыл­­ған. Арасында нотариустер де бар. Иелеріне ескерту жасап жатқанымызда кейбірі түсіністікпен қарап өзгертеміз десе, енді бірі «онсыз да салығын уақытылы төлеп отырғанын» айтып, бетімізден алып, қуып шықты. Бас қалада қазақ тілінің жайы оңып тұрмағанын сонда білдік.     Түйін:  

Тілдің жайын қозғап, талап етіп отыр­мыз деген күннің өзінде, бас­қа мәселе тағы шыққан сыңайлы. Кә­сіп­керлер жарнамадағы қатені түзеу­ге құ­лықсыз. Оған жай ғана ескерту мен салынған айып­пұл­дың ауырлық кел­тір­меуі себеп болар. Ал сіз мем­ле­кет­тік тілде жарнаманы оқисыз ба?

 

Мадияр ТӨЛЕУ