Ықпалдастық пен ынтымақ
Ықпалдастық пен ынтымақ
5,329
оқылды

Бразилия сенаторлары Қазақстандағы президенттік сайлаудың өткізілуіне өз бағаларын берді. Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов еліміздегі кезектен тыс президент сайлауын бақылау үшін елордаға келген Бразилия Федеративтік Республикасының Ұлттық конгресінің сенаторлары Франсиско де Ассис Родригеспен және Жакес Вагнермен кездесу өткізді.

Сыртқы саясат ведомствосы­ның басшысы 9 маусымда өткен сайлау Қазақстан халқының ха­лық­аралық әріптестері үшін ашық, прогрессивті, демократия­лық елде өмір сүруге және еңбек ету­ге деген ықтиярының айқын кө­рінісі болып саналатынын айтты.

Өз кезегінде Бразилия прези­ден­тінің Сенаттағы өкілі лауазы­мын қоса атқаратын Франциско де Ассис Родригес президенттік сайлаудың жоғары ұйымдастыру­шы­лық деңгейде өтуімен құттық­тай келе, учаскелердегі дауыс беру кезеңін­де барлық үдерістің ашық әрі жария болғанын атап өтті.

Ж.Вагнер болса, Қазақстан­ның Орталық сайлау комиссиясы жүргізген жұмысқа сүйсінгенін жеткізді. Оның пікірінше, сайлау нәтижелері Қазақстанның демо­кра­­тиялық даму бағытын берік ұстанатынын көрсетеді.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан – Бразилия екіжақты қарым-қатынастарының өзекті мәселелерін талқылады және парламентаралық ықпалдастыққа да мән берді.

Бразилия Сенатындағы Қа­зақ­станмен ынтымақтастық жө­нін­­дегі парламенттік топтың жетек­шісі Родригес мырза еліміз­бен бірлескен маңызды халықа­ра­лық бастамаларды ілгерілетуге, өзара байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстандық СІМ басшысы қарым-қатынастарды дамытудағы парламентаралық дипломатия­ның маңызына екпін түсіре келе, бразилиялық депутаттарды сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге белсенді түрде жәрдем­де­су­ге шақырды. Өйткені Брази­лия – Қазақстанның Латын Аме­ри­касындағы басты сауда серік­тесі.

Б.Атамқұлов отандық «Қаз­а­то­м­өнеркәсіп» ұлттық атом компа­ниясы мен бразилиялық Embraer сияқты ірі компания­лар­дың екі ел нарықтарындағы табысты қызметін үлгі етті.

«Өткен жылы елдеріміз ара­сын­дағы тауар айналымы 150 мил­­лион доллардан асты. Бұл көр­сеткіш салмақты өсу перс­пек­ти­валарына ие», – деді министр.