Екі оттың ортасы
Екі оттың ортасы
120
оқылды
Сәбит Мұқановтың «Аққан жұлдыз» романында «Ел – сүңгі мұз: ақырын ұстасаң түсіп кетеді, қатты ұстасаң сынып кетеді» деген сөз бар. Коро­на­вирусқа қарсы карантин режимін де соған ұқса­тар едік. Ауруды ауыздықтау үшін жүріс-тұ­рыс­ты шектеп, жұмысты доғара тұруың керек, ал экономиканы есеңгіретпеу үшін қысымды боса­туың керек. Екі оттың ортасы деген – осы. Күні кеше елордада сани­тар­лық нормаларды бұзған бірқатар нысан қайта жабылды. Оның ішінде құрылыс компаниялары, мейрамханалар, дәмханалар, азық-түлік сатпайтын дүкендер бар. Әкімдіктің мобильді тобы полицейлермен және эпи­демиологтармен бірлесіп рейд жүргізеді. Карантин талаптарын қамтамасыз етпейінше нысан­дар ашылмайды. Тіпті, тұрғын­дар автобуспен қатынау тәртібін сақтамаса, қоғамдық көлік қозғалысы да тоқтауы ғажап емес. Нұр-Сұлтан қаласы Қо­ғам­дық денсаулық сақтау бас­қармасының басшысы Сәуле Қисықова қауіпті инфек­цияға немқұрайлы қарауға бол­майты­нын тағы ескертті. – Адамдар босаңсымауы, бетперде тағу режимін қатаң сақтауы керек. Егер санитарлық норма сақталмаса, қала қа­таң карантин ережелеріне қайта оралады. Қалыпты өмір­ге тезі­рек оралу өзімізге байла­ныс­ты, – дейді дәрігер. Алматыда 46 нысанның жұмысына рұқсат берілмеді. Мегаполистің бас санитары Жандарбек Бекшин қаладағы әрбір ведомство, кәсіпорын мен мекемеде карантин талап­тарының сақталуына жан-жақты тексеріс жүргізілгенін мәлімдеді. Өткен сенбі, жек­сен­бі күндері 269 нысанның тәртібі қаралған. Оның 222-сінің «да­йын­дығы толық» деп баға­ланған. Қалған 46 нысан каран­тин жағдайында жұмыс істеуге дайын болмаған. Ал астананы жаяу аралаған Алтай Көлгінов көшедегі ха­лық­тың көптігіне реніш біл­дір­ді. – Кейбіреуі маскасыз жүр. Төтенше жағдай аяқтал­ғаны­мен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Егер тәртіпке бағынбай, босаңсып кетсек, карантинге қайтып оралуымыз әбден мүм­кін, – деді елорда әкімі де қа­пер­­ге салып. Рас, әбден мүмкін. Күні бұрын қуанып, бөрікті аспанға ататын жөніміз жоқ. Мысалы, карантин режимін жеңілдеткен Германия мен Оңтүстік Кореяда індет жаңа қарқынмен өршіп кетті. Сеул билігі карантиннен кейін ашылған түнгі клубтарды жауып тастады. Себебі корона­ви­русқа шалдыққан ер адам көңіл көтеру орнына барып, инфек­цияны басқаларға жұқ­тыр­ған. Ғимаратта болған 2 мыңдай адамның бәрі оқ­шау­­ланды. Оны былай қойғанда, COVID-19 дертін толық жең­ген­дер сапында саналатын Син­гапур мен Қытай да қа­таң шараларды қолға алды. Қытайдың солтүстік-шығы­сын­да 100 миллионнан аса адам карантинге жатқызылған. Bloomberg мәліметіне сүйенсек, Цзилин провинциясында ауру жұқтырған 34 адам тіркеліпті. Жалпы, осы уақытқа дейін дүниежүзінде 5 миллионға жуық адамнан коронавирус анықталса, 320 мыңнан астам адам көз жұмған. Онымен кү­­ре­су үшін қатаң карантин ре­жимі қажет. Ал карантин әлем экономикасын көпке дейін оңалмастай ойсыратып жіберді. Өйткені адамдар жіп­сіз байланып үйде отырады, ақшаны аз табады және аз жұм­сайды, тұтыну төмендейді. Содан барып шаруашылық шай­қалады. Бұл қысылтаяң қия беткейден «өгізді өлтірмей, арбаны сындырмай» өтетін жол қайсы? Өркениет өріндегі мем­ле­кеттер қай бағытты таң­да­ған? Батыс Еуропа мен АҚШ таразы басын тең ұстайтын орта жолға түскен сыңайлы. Рационалды сце­нарий бойынша елде коро­навирус тарала бастағанда 30-45 күнге карантин шаралары енгізіледі, вирус бәсеңдегенде халық қайтадан жұмысына ора­лып, бұрынғыша өмір сүре бастайды. Ондайда вирус қай­та тарайтыны анық. Сол кез­де тағы 30-45 күнге тағы ка­­ран­тин басталады. Осындай ауысыммен вакцина табылғанға дейін ғұмыр кешеді. Неге? Өйткені халықты қапаста қа­мап ұстау мүмкін емес. Одан тұр­ғындардың әл-ауқаты әлсі­рей­ді. Қайбір күні Илон Маск ашуға мініп, Калифорния штатының карантин режиміне қарамастан, Тесла көлігін құ­растыратын зауытының жұ­мы­сын іске қосты. Артынша оны Дональд Трамп жақтап, екеуі бір-біріне рақмет айтып үл­герді. Яғни, азуын айға біле­ген державалардың өзі кө­мек­ке зәру жандардың бәрін бір­дей асырай алмай отыр. АҚШ билігі пандемиядан зар­дап шек­кен­дерді қолдауға 4 трил­лион долларға жуық қаржы бөл­ген. Әрине, азаматтардың бетпе-бет жүздесуіне барынша ты­йым салынса, халық күндіз-түні сыртқа шықпаса, індетті түбе­гей­лі жоюға болады. Бірақ олай іс­тесе, адамзат бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген дағ­­­­дарысқа ұшырайды. Оның үстіне, кейбір адамдар әлі күн­ге шейін жауапкершілік се­зінбейді. Тіпті, арамызда ко­ронавирустың бар екеніне сен­бейтін білгіштер де кездеседі. Өзіміз куәміз, Қазақстанда 11 мамырдан бастап ТЖ ре­жи­мі тоқтаған соң ел-жұрт еркінсіп кетті. Вирус туралы жаңалықтарға еті үйренгені сонша, ауру жұқтырғандар саны 6 мыңнан асып бара жатса да, өзіне қатысы жоқтай, ештеңе өз­гермегендей жүре береді. Жа­уап­кершілік сезінетіндердің өзі қарым-қатынас жасамай тұр­майды. Дүкенге бару, шұ­ғыл шаруамен көшеге шығу се­кіл­ді өмірлік мәні бар күй­бең тір­шіліктен тыйылу өте қиын. Сондықтан бізге де эко­но­ми­ка­ны құлдыратпай, адам өлі­мін ба­рынша азайту арқылы пан­де­мияны жеңуден басқа амал жоқ.  

 width=Еркебұлан НҰРЕКЕШ