Қордайда құрылыс басталды
Қордайда құрылыс басталды
219
оқылды
Қордайдың бойына қан жү­гірді. Үкімет те, жергілікті би­лік те жұртшылық алдын­дағы жауап­кершілікті енді сезіне бастағандай. Бұған дейін құ­ры­­лыс жұмыстары ау­данды ай­налшықтап жүрген болса, өт­кен жетіден бастап не­гізгі күш қақтығыс орын ал­ғ­ан ауыл­­дарды қайта қал­пы­на кел­­тіруге жұмылды­рыла бас­та­­ды. Үні Үкімет үйіне жетіп, жаңғы­рығы Ақ орданың өзін алаңдатқан Қордай ауданындағы Қаракемер, Масаншы, Ауқатты, Булар батыр, Сортөбе ауылдарындағы құрылыс жұмыстарын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзі барып көріп қайтты. Жайшылықта бір ауданға бір, кейде тіпті жарты күнін арнап жатса, Қордай ауданы үшін екі күнін қиды. Жалпы, бұған дейін Қордай ауда­нының бюджеті шамамен 28 мил­лиард теңгені құраса, биыл әкім­діктің «әмияны» айтар­лық­­тай қалыңдаған. Мемле­кет­­тік бағ­­дарламалар аясында жанда­на­тын жобаларға 20 миллиард теңге қосымша бағытталса, 7 елді мекенді газдандыру үшін тағы 4 миллиард теңге бөлінген. Бір сөз­бен айтқанда, биыл Қордайда жылдар бойы қордаланған мәсе­ле­лер шешімін тауып, көзі бір ашы­­лайын деп тұр. Ал жоғарыда аталған ауыл­дар­да қазір бұзылған үйлер мен ком­мерциялық нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстары қыз-қыз қайнауда. Ал Хусейн Сүлей­мен, Абдурашид Багиев және Ис­мар Лутур сынды кейбір кәсіп­кер­лер Үкіметтің көмегін күт­пей, үй­лері мен дүкендерін өз қар­жы­сына қалпына келтіруде. Десе де, олар қиын сәтте қол ұшын созып, қақтығысты баса білген Президент пен жергілікті билікке алғысын білдіруде. Алып жобаларға келсек, Ма­сан­шы ауылындағы жаңа мек­теп­тің құрылысы келер жылға өт­пелі болғанымен, биыл 550 мил­лион теңге игерілмек. Сон­дай-ақ жыл соңына дейін Масан­шы мен көршілес алты елді ме­кенге кө­гілдір отын кіргізіле­ді. Бұ­дан бөлек, ауылдарда ша­ғын футбол алаң­шасы, көше жат­тығу құрыл­ғы­­лары мен балалар ала­ңы­нан тұра­­тын көпфункцио­нал­ды спорт алаңы да салынуда. Масаншы ауылдық округіне Күнбатыс-1 және Күнбатыс-2 ша­ғын ауылдары да кіреді. Күн­ба­тыс-1 елді мекенінде 200-ден астам тұрғын тұрып жатса, онда құны 26 миллион теңгені құрайтын меди­ци­налық пункт бой көтеруде. Ал Күнбатыс-2 ауылында болса, 150 орындық мектептің кірпіші қа­ла­нып жатыр. Құрылысқа қежет­ті жұмысшылардың 70 пайызы жергілікті тұрғындардан тартылса, олар құны 662,8 миллион теңге бола­тын үш қабатты білім ордасын 25 та­мызға дейін тапсырамыз деп отыр. Қаракемер ауылында да оң өзгеріс көп. Ауылдың ажарын ашу үшін жалпы 1,6 миллиард тең­ге бөлу көзделсе, қазір спорт ала­ңы мен дәрігерлік амбулатория са­лы­­нуда. Сондай-ақ 880 миллион теңгеге ауылға ауызсу тартылуда. 11 көшеге асфальт төселіп, 6 көше­ні жарықтандыру жұмыстары жүр­гізілуде. Тіпті, үй кезегінде тұр­ған халыққа арналып Қонаев кө­ше­сінің бойынан екі пәтерлі 10 үй­дің құрылысы жүргізілуде. Ауқаттықтар да кенеттен жан­дан­ған құрылысқа аң-таң. Бүгінде мұнда №9 орта мектеп пен 19 кө­ше­ні бірдей күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Мек­теп ауласы толығымен өр­нек­тастармен безендіріліп, бі­лім ордасына барлық қолайлы жағ­дай жасалуда. Облыс әкімі Берді­бек Сапарбаев аудандағы сапа­­рында тіпті ауылдардағы ме­ке­ме­лердің қасбетін қалпына кел­ті­руде заманауи дизайнерлер мен сәу­летшілерді тарту туралы тап­сыр­масын беріп, жұртшылықты тағы бір таңғалдырып қойды. Бұлар батыр ауылында фермер­лер сарымсақ егіп, шаруасын шал­­қытуда. Сондай-ақ диқандар кар­топ егуді де мықтап қолға алған. Сондай-ақ жерді бос қал­дыр­мас үшін жаңа дақылдарды ор­на­ластыру да оң шешімін тауып отыр. Ал табысын маңдай тері­мен тауып отырған тұрғындар үшін субсидияның барлық түрі қа­рал­ған. Бұл да ауылдағылар үшін үлкен қолдау екені анық. Осы ретте айта кетерлігі Бердібек Маш­­бекұлы жуырда 300-ден астам қордайлық отбасыны Шу ау­данына жеміс-жидек пен көкөніс егуге жіберген болатын. Осы­лайша, билік қақтығыстан кейінгі жағдайды қалыпқа келтіру үшін барлық тетіктерді қолдануда. Тағы бір айта кетерлігі, биыл аймақтағы 352 шақырым жолды жөндеу мен қайта салу үшін 6,9 миллиард теңге қарастырылып отыр. Бұл қаржыға Қордай, Қара­ке­мер, Масаншы, Ауқатты, Бұлар батыр, Сортөбе және Әлжан ана ауылдарындағы бар­лық көшелер асфальтталады деп күтілуде. Қордай шекара өткізу бекетін 5,3 миллиард теңгеге жаңғырту жұмыстарын болса, «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жауапкер­ші­лігіне алған. Аталған сомаға екі кедендік терминал, гараж, те­рең­детілген тексеру посты, қой­ма­лар, иттерге арналған орындар, қалқа мен қоршаулар салынатын болады. Нәтижесінде, шекара пункті тәулігіне 15 мың адамды өткізуге қауқарлы болмақ. Ол аз десеңіз, келер жылдары Қырғыз Рес­публикасымен шекарадағы бар­лық сегіз пунктті кезең-кезеңі­мен қайта жаңғырту жоспарлануда. Тағы бір айта кетерлігі, құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауға белсенді азаматтар жұмылдырылады. Осылайша, билік Қордайға қатысты ашықтық принципін де ұстанбақ. – Бүгінгі таңда бүкіл ел Қор­дай ауданына, бұзылған құры­лым­дарды қалпына жедел келтіру және ең бастысы ішкі жағдайдың тұрақтануына ден қойып отыр. Қазір біз барлық қиындықтарды еңсердік, мұндағы тіршілік өз қалыбына түсті деп сеніммен айта аламыз, – дейді облыс әкімі Берді­бек Сапарбаев. Ләйім солай болғай. Биыл әй­теуір барлық қаржы Қордайға кетіп жатқанын көз көріп отыр. Бұқара үшін бұл, әрине қуаныш. Енді тек басы тәп-тәуір басталған тірліктің соңы сылдыр суға, одан әрі буға, ал құрылысқа жауапты мер­дігерлер қуға айналып жүр­месе болғаны. Ол үшін Қордай ауда­нының әкімі Рүстем Дәулет бас­таған азаматтар өз жұмысына жауап­кершілікпен қарайды деп сенеміз.    width=     Саятхан САТЫЛҒАН,  Жамбыл облысы