Ескерту жасады
Ескерту жасады
5,321
оқылды

Қазақстанның Бас прокуратурасы қоғамдық тыныштықты бұзушыларға қатысты түсініктеме берді. Ол елімізде жария түрдегі заңсыз акцияларға жол берілмейтіні туралы бұған дейін бірнеше рет ескерткеніне назар аудартады.

«Алайда жекелеген адамдар заңды талаптарға бағынбай, по­лиция қызметкерлерін аранда­тып, оларға шабуыл жасады. Жүр­гін­­шілердің, әйелдер мен балалар­дың өмірі мен денсаулығы­на қауіп төн­дірді. Осыған байла­ныс­ты, құқық қорғау органдары қоғамдық ты­ныш­тықты сақтауға және аза­мат­тарды қорғауға бағытталған шара­лар қабылдады. Бұл ретте арнайы құралдар қолданылған жоқ», – деп мәлім етті құзырлы орган.

Оның дерегінше, құқық бұзу­шы­­лар полицияға жеткізіліп, сот арқылы әкімшілік жауапкерші­лік­ке тартылды.

«Заңсыз акцияларға және тыйым салынған ұйымдардың қызметіне қатысу Қазақстанның Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 488-бабына, Қылмыстық кодексінің 400 және 405-баптарына сәйкес, жауапқа әкеп соғатынын түсіндіреміз. Құ­қық қорғау органдары ары қарай да осындай бұзушылықтарға жол бермейді және оларды бол­дыр­мау үшін заңмен көзделген шара­ларды қабылдайтын болады», – деді Бас прокуратура.