Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі қызметіне Алтай Көлгінов, Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметіне Ғали Есқалиев, Маңғыстау облысының әкімі қызметіне Серікбай Трұмов, сондай-ақ Білім және ғылым министрі қызметіне Асхат Аймағамбетов тағайындалды.
Президент Жарлығымен Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып Әнуар Садықұлов, Қазақстан Президентінің Іс басқарушысы болып Ерлан Баттақов тағайындалды.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы болып тағайындалды.