Ақмолада ЭЦҚ пайдалану арқылы бюджет қаражаты ұрланған
Ақмолада ЭЦҚ пайдалану арқылы бюджет қаражаты ұрланған
© Сурет ғаламтордан
276
оқылды
Ақмола облысында басшысының ЭЦҚ пайдаланған бухгалтер бюджет қаражатын ұрлаған. Бұл туралы Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде онлайн режимде өткен мәжілісте айтылды, – деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
«Сотқа дейінгі тергеу шарасы барысында Зеренді ауданы әкімдігінің жанындағы мекемелердің бірінің бухгалтері басшысының электронды-цифрлық қолтаңбасын пайдалану арқылы бюджет қаражатын ұрлағаны анықталды. Ол өзінің карточкасының есеп-шотына жалақысы және ілеспе табыс түріндегі ақшалай қаражат, жалпы сомасы 979 499 теңге бюджет қаражатын негізсіз аударған. Қылмыстық қудалау органы қабылдаған түпкілікті шаралардың нәтижесінде ұрланған қаржы мемлекет кірісіне өтелді. Осы қылмысы үшін сот бухгалтерді 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына кесті», - дейді ведомстводан.
Ведомстводан атап өткендей, онлайн мәжілісте ҚР ҚПК 200-бабы тәртібінде қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен жағдайларды жою жөніндегі ұсыныстар талқыланды.