Атырауда жоғалған 1,5 жастағы балақайды іздеуге 50 волонтер жұмылдырылды.
Бүгін түс кезінде «Жұлдыз» шағынауданында тұратын отбасының 1,5 жастағы баласы жоғалып кетті. Ол әлі табылған жоқ. Баланы Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері іздестіріп жатыр.
«Енді іздестіру жұмысына волонтерлар штабынан, Азаматтық орталық пен «Қызыл жарты ай» бірлестігінен 50 волонтер қосылды. Бүлдіршін табылмайынша, іздестіру жұмыстарын тоқтатпайыз» -деп хабарлады қоғамдық белсенді Олжас Сұлтанов.
Оның айтуынша, 1,5 жастағы бүлдіршіннің ата-анасы тұратын үйдің айналасы қоршалмаған. Бұл баланың көшеге кедергісіз шығып кетуіне себеп болуы мүмкін.