Атырауда жоғалған кішкентай баланы іздеуге бүгін 400-ге жуық ерікті қосылды
Атырауда жоғалған кішкентай баланы іздеуге бүгін 400-ге жуық ерікті қосылды
Фото: Интернеттен алынды
283
оқылды
Атырауда кеше түсте жоғалып кеткен бір жастан асқан баланы іздеуге 400-ге жуық ерікті қосылды. Бала әлі табылмай жатыр. Іздестіру түнімен жауған жаңбырға қарамастан, тоқтаған жоқ. «Бүгін, 21 мамырда жергілікті уақытпен таңғы сағат 6:30-да көмекке 400-ге жуық ерікті келді. Сондай-ақ іздестіру жұмысына Ұлттық ұланның 50 сарбазы, полицияның 100-ден астам қызметкері, 50 волонтер жұмылдырылды. Олар «Жұлдыз» ықшамауданындағы 51 көшені жан-жақты тексеруге кірісті», – деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Полиция аймақтағы кәріз құдықтары, оның маңындағы барлық нысандарды тексеріп жатыр.